Қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне жалған жанармай құю карталары сатылып жатыр

0
1 061

Сол карталардың бірін белгіленген бағамен сатып алғаннан кейін жанармай құю станциясында ақша төлемеуге болады-мыс.


Қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне жалған жанармай құю карталары сатылып жатыр

ERNUR.KZ. Қазнетте Helios, Qazaq Oil және "Газпром" компанияларының жанармай карталары ұсынылып жатыр, деп жазады zakon.kz.

Сол карталардың бірін белгіленген бағамен сатып алғаннан кейін жанармай құю станциясында ақша төлемеуге болады-мыс.


Жанармай, жалған ақпарат, жанармай құю қартасы, фейк


Ол карта Қостанайда тіркелген компанияның атынан Telegram арқылы сатылады.

"Алайда ашық деректерге сүйенсек, аталған фирма өрт сөндіргіштерді толтырумен айналысады және жанармай саудасына ешқандай қатысы жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі, аты аталған компаниялардың ресми порталдарында жанармай карталарын делдалдар арқылы сату туралы ештеңе айтылмаған.

Сарапшылардың сөзінше, жанармай карталарын сату жарнамасы – алаяқтардың ісі. Компаниялардың жанармай карталары ресми бөлімдерде сатылады және оларды ресми келісімшарт жасалғаннан кейін ғана сатып алуға болады. Қазнетте карталары сатылып жатқан компания мүлдем басқа қызметпен айналысады, және оның карталар сатуға ешқандай қатысы жоқ.