Қазақстандық балуан екі ұшақты қимылдатпай 3 минут ұстап тұрды (видео)

0
1 414

Бұдан бұрын атлет әр қолымен екі жол талғамайтын көлік, төрт ат және он адамның күшін бағындырған еді.


Қазақстандық балуан екі ұшақты қимылдатпай 3 минут ұстап тұрды (видео)

ERNUR.KZ. Астананың 20 жылдығы қарсаңында қазақстандық балуан Сергей Цырульников өзінің 13-ші рекордын орнатты, деп жазады Sputnik.

Екінші шілдеде алып күш иесі әрқайсысының қуаты 120 ат күшіне тең екі ұшақты үш минуттай ұстап тұрды.

Бұдан бұрын атлет әр қолымен екі жол талғамайтын көлік, төрт ат және он адамның күшін бағындырған еді. "Ең қиыны аттарды ұстап тұру болды" дейді балуанның өзі.

"Ұшақтарды ұстап тұру жол талғамайтын көліктерді ұстағанға ұқсайды. Бірақ бұл жолы бицепстегі қан тамырларым жарылып кетті. Жаңа рекордымды қала күніне арнаймын", – деді Цырульников Sputnik агенттігіне.