Қазақстандық банк өрттен көз жұмғандардың несиесін кешіріп, отбасына 3 млн теңгеден береді

0
656

Банк басшылығы марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.


Қазақстандық банк өрттен көз жұмғандардың несиесін кешіріп, отбасына 3 млн теңгеден береді

ERNUR.KZ. Абай облысындағы орман өрті кезінде қайтыс болған жандардың отбасына 3 млн теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі, деп жазады inform.kz.

«Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңге беріледі. Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына қаржылай көмек жібереді. Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің осы банктегі бар несиесі есептен шығарылады», - делінген қаржы ұйымы таратқан хабарламада.