Қазақстандық дизель отыны Ресейге қарағанда 80-90 мың теңгеге арзан

0
998

Биыл елімізде дизель отынын өндіру көлемі 4,9 млн тоннаны құрайды, бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.


Қазақстандық дизель отыны Ресейге қарағанда 80-90 мың теңгеге арзан

ERNUR.KZ. Өндіріс пен қатар оған сұраныс та артып отыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ОКҚ-да өткен брифинг барысында айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Биыл мамыр мен қыркүйек аралығында дизельдің ай сайынғы тұтыну көрсетікіші 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 480 мың тоннаға және 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 246 мың тоннаға жоғары болды. Республикадағы бөлшек сауда бағасы көрші елдерге қарағанда айтарлықтай төмен, бұл транзиттік көлікте дизель отынын тұтынудың артуына және толып кетуіне ықпал етеді», - деді вице-министр.

Әсет Мағауовтың айтуынша, 2018 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы көтерме бағаның айырмашылығы тоннасына шамамен 20-30 мың теңгені құрады, бұл шекара маңындағы облыстарда орналасқан жанар-жағар май құю станцияларындағы дизель отынын импорттауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта көтерме бағаның айырмашылығы тоннасына 80-90 мың теңгені құрайды. Ресейде жанар-жағармайдың көтерме бағасы әлемдік мұнай бағасының өсуіне байланысты қымбаттады. Ал Қазақстанда баға айтарлықтай өзгерген жоқ.

«Ресей Федерациясынан дизель отыны ресейлік салықсыз жеткізіледі, ал Қазақстан Республикасына импорт кезінде қазақстандық құн салығы және тоннасына 540 теңге акциз төленеді. 2020 жылдың 6 айы бойынша дизель отыны импортының бағасы жарияланбады, себебі Қазақстанға жанар жағар май импортына тыйым салынды», - деді Әсет Мағауов.

23 қыркүйекте Энергетика министрлігі Ресей Федерациясының Энергетика министрлігімен шамамен 100 мың тонна көлемінде дизель отыны импортының қажетті көлемін бөлуге қатысты келіссөздер жүргізді.

«28 қыркүйектегі жағдай бойынша Ресей Федерациясының зауыттарынан дизель отынын жөнелту 19 517 тоннаны құрайды, бұл ретте импорттың қарқынды жандануын байқаймыз. 1 мен 20 қыркүйек аралығында 5 055 тонна дизель отыны тиеп-жөнелтілді. Ал 21-28 қыркүйек аралығында шамамен 14 462 тонна жеткізілді», - деді Мағауов.