Қазақстандық компанияларды орасан шығынға батырған алаяқ ұсталды

0
650

Отандық кәсіпорныдарды 60 миллион теңгеден асатын шығынға батырған.


Қазақстандық компанияларды орасан шығынға батырған алаяқ ұсталды

ERNUR.KZ. Біріккен Араб әмірліктерінен қазақстандық кәсіпорындарды 60 миллионнан аса теңгеге жерсоқтырып кеткен алаяқ қайтарылды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр, деп жазады Экспресс К.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі, Интерполдың ұлттық орталық бюросы және Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығымен, сондай-ақ еліміздің қаржы мониторингі агенттігі өзара іс-қимыл кезінде 2015 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді тұтқындады.

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 43 жастағы қылмыскер Төлеген Рамеев отандық кәсіпорныдарды 60 миллион теңгеден асатын шығынға батырған.

"Соңғы үш айда Интерпол жұмысының нәтижесінде Испания, Ресей, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Венгрия және тағы басқа ел аумағынан түрлі қылмыстары үшін іздестіріліп жатқан 16 адам анықталып, олардың барлығы тұтқындалды", - деп мәлімдейді ақпарат порталы.

Сондай-ақ қаңтар айында Венгрияда хакерлік әрекеттер арқылы ақша ұрлағаны үшін Алматы қалалық ПД іздестіріп жатқан Румыния азаматы Ieudean Daniel Ioan ұсталған.

"Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында Қазақстан, Ресей, Тай, Украина, Әзірбайжан, Тайвань банктерінің шотынан қаржыны банк карталарына аударып, оны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Оның келтірген шығыны 9 млн АҚШ долларынан асады", - деп жазылған хабарламада.