Қазақстандық қос теннисші Берлинде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды

0
554

Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Сюй Ифань чехиялық Катерина Синякова және Маркета Вондрусова жұбын жеңуі керек.


Қазақстандық қос теннисші Берлинде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бублик пен жұптық сындағы үздігі Анна Данилина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті, деп жазады Stan.kz.

Александр Бублик екінші айналымда германиялық Ян-Леннард Штруффты жеңді. 2 сағат 16 минутқа созылған матч 6:3, 6:7, 6:3 есебімен аяқталды.

Александр Бублик енді жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, италиялық 21 жастағы теннисші Янник Синнермен ойнайды.

Ал Анна Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге германиялық теннисшілер Лаура Зигемунд пен ресейлік Вера Звонареваны 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Сюй Ифань чехиялық Катерина Синякова және Маркета Вондрусова жұбын жеңуі керек.