Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов америкалық брендке жарнама түсірді

0
800

Бұл қазақстандық режиссердің киім брендтерімен түсірген алғашқы жұмысы емес.


Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов америкалық брендке жарнама түсірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов америкалық PacSun киім бренді мен рэп орындаушы A$AP Rocky-дің коллаборациясына жарнама түсірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Сейітов Instagram-дағы парақшасында рэп орындаушы A$AP Rocky-мен жұмыс істеген жарнамалық ролигінің үзіндісін жариялады. Ол PacSun америкалық жасөспірімдер киім брендінің жаңа топтамасының қонақ ретінде шақырылған көркемдік жетекшісі болды.

Қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов танымал отандық және шетелдік жұлдыздарға арналған жарнамалық роликтермен және бейнебаяндармен ғана емес, сонымен қатар "Каш" атты толықметраж фильмімен танымал.

Оның клиптері бірнеше рет марапаттарға да ұсынылған, атап айтқанда MTV Video Music Awards және Berlin Music Video Awards.

Бұл қазақстандық режиссердің киім брендтерімен түсірген алғашқы жұмысы емес. Ол бұған дейін Nike жарнамасын түсірген.