Қазақстандық режиссер Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді

0
980

Тимур Бекмамбетовтың жары өзінен 29 жас кіші.


Қазақстандық режиссер Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді

ERNUR.KZ. Танымал режиссер Татарстан президентінің көмекшісі Наталья Фишманға үйленді деп жазады Qamshy.kz.

Бейресми деректерге сүйенсек, Тимур Бекмамбетов лауазымды тұлғамен 2018 жылдың көктемінде көңіл жарастырған. Олардың "Казан" отбасы орталығында өткен неке қию салтанатына лауазымды тұлғалар мен ірі кәсіпкерлер болған. Кейін жас жұбайлар Кабан көлінің жағалауында серуендеуге шыққан.

Наталья Фишман 1990 жылы 30 қазанда дүниеге келген. Кейін Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты мен Берлиндегі Гумбольдтов атындағы университетті тәмәмдаған. 2015 жылдан бастап Татарстан презиентінің көмекшісі болып қызмет атқарады.