Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP-500 турнирінің чемпионы атанды

0
490

​ATP рейтингінде 48-орынға табан тіреген Қазақстан ерлер құрамасының лидері Германияның Галле қаласында өткен беделді турнирде жеңіске жетті


Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP-500 турнирінің чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Финалдық кездесуде Александр Бублик әлемнің жетінші ракеткасы ресейлік Андрей Рублевті 6:3, 3:6, 6:3 есебімен ұтты, деп жазады sputnik.kz.

Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды. Осы турнирден кейін Бублик ATP Live рейтингінде рекордтық 27-орынға көтерілді. Бұған дейін Александр 2022 жылдың ақпанында 30-орынға дейін көтерілген болатын.
Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Александр Бубликті жеңісімен құттықтады.
"Александр Бубликті теннис карьерасындағы келесі қадамымен - алғашқы ATP-500 титулымен құттықтаймын! Саша өзі үшін және елімізде теннистің дамуыүшін ірі жеңіске жетіп, өскелең ұрпаққа үлгі болды", - деген ол спортшыға жаңа табыстар тіледі.