Қазақстандық жас семсершілер әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

0
238

Отандастарымыз жартылай финалда америкалықтардан басым түскенімен, алтын жүлде үшін сында Венгрия құрамасына есе жіберді.


Қазақстандық жас семсершілер әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

ERNUR.KZ. Семсерлесуден Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп жазады stan.kz.

Швейцарияда өтіп жатқан байрақты бәсекеде Богдан Лукин, Алексей Касаткин, Кирилл Проходов бастаған семсершілеріміз әлем чемпионатының финалына шығып, күмісті місе тұтты.

Отандастарымыз жартылай финалда америкалықтардан басым түскенімен, алтын жүлде үшін сында Венгрия құрамасына есе жіберді.

Айта кетейік, Богдан Лукин мен Алексей Касаткин бір ай бұрын Бахрейнде өткен Әлем кубогінде де күміс медаль иеленген еді.