Қазақстандық жігіт Forbes-тің әлемдік рейтингіне шықты

0
323

Ол АҚШ тың барлау қызметін бағдарламалық қамтамасыз етуге көмектеседі.


Қазақстандық жігіт Forbes-тің әлемдік рейтингіне шықты

ERNUR.KZ. Қазіргі «30 under 30 North America» қатысушысы рейтингтерге алғаш рет түсіп тұрған жоқ. 2021 жылы Элисар Нұрмағамбет «Next 1000» - АҚШ-тың түкпір-түкпірінен жиналған табысы 10 миллион доллардан аз стартаптар тізіміне енді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның рейтингке кіру билеті америкалық кәсіпкер Амир Сандерджимен бірге құрған «Consilienz» стартапы болды. Стартап қаржылық қылмыстарды анықтайтын бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін құрайды. Сол жылы отандасымыз Forbes Kazakhstan-ның аталмыш рейтингінің финалисті атанды.

Ол артынша Enterprise Technology санаты бойынша «Black Ice AI» жаңа жобасымен танылды.

Forbes.com сайтындағы Элисардың профилінде оның Қазақстанда туып, АҚШ-қа 18 жасында келгені жазылған. Элисар алғаш Carlsberg сыра қайнату компаниясына жұмысқа кіріп, алаяқтықтың алдын алуға қатысты жобамен айналысады. Бұл жол оны ақша ұрлаумен айналысатын киберқылмыскерлерді анықтау үшін әртүрлі деректерді шығаратын «Black Ice AI» жобасын іске қосуға әкелді. Стартап АҚШ үкіметімен келісімшартқа отырды. Олар аталған жоба арқылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша алаяқтықты тергеу үшін бағдарламалық жасақтаманы қолданды. Элисарда Carlsberg-пен серіктестік Қазақстанда болды. Ал әртүрлі компаниялар мен жобалар бойынша нағыз тур АҚШ-та басталды.

«Тізімге қалай кіргенімді нақты білмеймін. Маған ақпаратты нақтылау және құжаттарды сұрау үшін қоңырау шалды. Содан кейін мені қазақстандық Forbes командасы ұсынғанын білдім», - дейді Элисар.

Forbes.kz-тің хабарлауынша ол өзіне рейтингке шығуға ғарыш, қорғаныс және қауіпсіздікпен тығыз байланысты Defence&Space саласында көптеген компаниялардың жұмыс істемеуі мүмкіндік бергенін айтады.

«Бұл тек қаржылық қылмыстар ғана емес, сонымен қатар адам саудасына, терроризмге қарсы іс-қимыл, шекараны қорғау, ұлттық қауіпсіздік мәселелері және т.б., барлау және тергеу технологиялары. Біз федералды қызметтерге шешімдер ұсынамыз», - деп түсіндірді ол.

Егер бағалау туралы айтар болсақ, жалпы индустрияда табысы 100 миллион компаниялар u30 әлемдік тізіміне енбейтінін жақсы біледі. Бұл дегеніміз тізімге енген Consilienz стартап болса, онда «Black Ice AI» - жаңа деңгейдегі жоба.

«Біздің командада әлемнің жетекші университеттерінде жұмыс істеген ғалымдар бар. Мысалы, жасанды интеллект орталықтарының бірі Texas A&M University-де АҚШ Әскери-теңіз күштері мен әуе күштері үшін жүйелер әзірледі. Біздt ХҒС (Халықаралық ғарыш станциясы) және Хьюстон орталығы бойынша NASA-ның бұрынғы бас инженері жұмыс істейді. Ол ғарышкерлерге арналған сенсорлардан бастап станцияның өзіне және зымыран технологиясына дейінгі барлық бағдарламалық жасақтамаға жауапты болды. Бұл тек бастамасы ғана. Қазір біз халықаралық дамуға көңіл аударып жатырмыз, яғни АҚШ-тан тыс жерлерде де өз қызметімізді ұсынамыз», - деді Элисар Нұрмағамбет.