Қазақстандық журналистер әлеуметтік желі арқылы дәріс оқи бастады

0
816

Дәрістер «Медиа дамыту қорының» әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіледі.


Қазақстандық журналистер әлеуметтік желі арқылы дәріс оқи бастады

ERNUR.KZ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, онлайн оқуды негізенен жас журналистер мен БАҚ саласына қызығушылық танытқан азаматтар тыңдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрістер «Медиа дамыту қорының» әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіледі. Онда республикамыздың белді арналарындағы журналистер мен тележүргізушілер өз тәжірибесімен бөлісіп, сауалдарға жауап береді.

- Ең басты мақсат – пандемия кезінде және карантин кезінде үйде отырған жас журналистер және болашақ журналистер уақытын тиімді өткізсін деген мақсатпен біз медиа саласында жүрген мамандармен бірлесіп, осындай онлайн лекцияларды бастадық. Сабақтарымызға осыған дейін белді журналистер атсалысты. Соның ішінде, Михаил Дорофеев, Айгүл Адилова, Асхат Ниязов, Бауыржан Бақытбекұлы. Бұл лекциялар алда да өз жалғасын табады, - дейді «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас менеджері Бибігүл Құламан.