Қазақстандықтар Болашақ бағдарламасымен 27 мемлекетте тегін оқи алады

0
532

Өткен жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім беру географиясы 4 жаңа елмен кеңейген.


Қазақстандықтар Болашақ бағдарламасымен 27 мемлекетте тегін оқи алады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің 27 мемлекетінде оқи алады, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім беру географиясы 4 жаңа елмен кеңейген. Оларға Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка кірді.

Сонымен қазақстандықтар төменде аталған елдерде «Болашақ» бағдарламасымен тегін оқи алады: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Дания, Израиль, Ирландия, Испания, Италия, Канада, ҚХР, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Ресей, С ингапур, АҚШ, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Жапония.