Қазақстандықтар Иран мен Оңтүстік Кореядан қандай жағдайда эвакуацияланады

0
675

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 34 мың 600, ал Иранда 170 азаматы бар.


Қазақстандықтар Иран мен Оңтүстік Кореядан қандай жағдайда эвакуацияланады

ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтары коронавирус инфекциясы ушыққан Иран мен Оңтүстік Корея елдерінен әзірге эвакуацияланбайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Иран мен Оңтүстік Корея бойынша: Иранда қазіргі таңда 170 азаматымыз бар. Эвакуация туралы әзірге мәселе жоқ. Дегенмен, біздің елшілік ондағы азаматтарымызбен тиісті жұмысты жүргізіп жатыр», - деді Шахрат Нұрышев.

Отандастарымыз Ираннан қайтуды жөн деп шешкен жағдайда министрлік оларға тиісті көмекті бермек.

«Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 34 мың 600 азаматы бар. Ол жаққа бағытталған рейстер саны тоғыздан үшке қысқартылды. Ондағы отандастарымыз елге қайтуды жөн деп шешсе, қайтып келсін деген оймен осы рейстер қалдырылды», - деді ол.

Оның айтуынша, қиын жағдай туындаса ғана отандастарымызды эвакуациялау жұмыстары жүргізіледі.

«Сол себепті қайтуға ниетті азаматтар әзірге жүріп тұрған рейстер арқылы елге орала алады», - деді вице-министр.