Қазақстандықтар қаңтар айында жарты айдай демалады

0
601

2022 жылы қазақстандықтарда барлығы 245 жұмыс және 120 демалыс күні болады.


Қазақстандықтар қаңтар айында жарты айдай демалады

ERNUR.KZ. Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2022 жылдың қаңтар айында 13 күн демалады, деп жазады Azattyq Rýhy.

2022 жылдың алғашқы күні сенбіден басталады, осылайша мерекелік демалыс күндері – 1-4 қаңтар аралығына түседі.

5 және 6 қаңтар, сәрсенбі және бейсенбі – жұмыс күндері. 7 қаңтар, жұма – демалыс, бұл күні Қазақстан Рождество мерекесін атап өтеді.

8 және 9 қаңтар, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осылайша қаңтар айында 13 күн демалады. 2022 жылы қазақстандықтарда барлығы 245 жұмыс және 120 демалыс күні болады.