​Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда тегін оқи алады

0
3 895

Айлық стипендия - бакалаврлар үшін $ 300, магистранттар үшін $ 750, докторанттарға $ 1000


​Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда тегін оқи алады

Қазақстандық түлектер Оңтүстік Кореяда тегін білім алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Болашақ» ҚР Президенті халықаралық стипендиясының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

UNIST 2007 жылы әлемге әйгілі автомобиль (Hyundai Motor), кеме жасау (Hyundai Heavy Industries), мұнай-химия (SK Energy) концерндерінің фабрикалары топтастырылған Улсанс өнеркәсіптік астанасында жоғары білімге деген сұраныс негізінде құрылған. Университет Оңтүстік Кореяның техникалық бағытындағы үздік 10 үздік университеттер қатарында. UNIST құрамына 9 ғылыми-техникалық мектеп, бизнес-мектеп және жалпы ғылыми-зерттеу бөлімі (DGS) кіреді. Сонымен қатар, бірнеше мамандандырылған жоғары кәсіби мектептер мен ғылыми орталықтар бар. UNIST-та курстар 100% ағылшын тілінде оқытылады.

Грант тәртібі мынадай: тегін білім алу, ай сайын стипендия - бакалаврлар үшін $ 300, магистранттар үшін $ 750, докторанттарға $ 1000. Сондай-ақ тегін медициналық сақтандыру қарастырылған. 1 тамыздан бастап 2019 жылдың көктемгі-күзгі семестріне құжаттарды қабылдау ашылды. Кандидаттар онлайн тәртібінде тіркеліп, құжаттарды пошта арқылы жіберу керек. Онлайн тіркелу және құжаттарды қабылдау: 2018 жылдың 1 тамызынан 24 тамызына дейін (поштамен немесе үміткер өзі келіп тапсыру қажет).