Қазақстандықтар Үндістанда қалып қойды

0
319

бұған жолаушылардың шағымданып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.


Қазақстандықтар Үндістанда қалып қойды

ERNUR.KZ. FlyArystan әуе компаниясының жолаушылары Мумбайдан Алматыға ұша алмай қалды, деп жазады zakon.kz.

Қазақстандық Telegram-каналдардың бірінде ұшақтың кешігіп, бұған жолаушылардың шағымданып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

FlyArystan хабарлауынша, KC7858 Мумбай-Алматы рейсі техникалық себептерге байланысты кейінге қалды.

"Ұшақ 2024 жылғы 1 наурызда сағат 03:30-да ұшуы мүмкін. Әуе компаниясының өкілдері жолаушыларды қонақүйге орналастырды".FlyArystan баспасөз қызметі

Сондай-ақ жолаушыларға қонақүйде ыстық тамақ беріледі.

Сонымен қатар, әуе компаниясы аяқ асты болған өзгерістер үшін кешірім сұрады.