Қазақстандықтар YouTube-тан видеоларды жарнамасыз көре алады

0
1 374

YouTube өкілдері биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады.


Қазақстандықтар YouTube-тан видеоларды жарнамасыз көре алады

ERNUR.KZ. Биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылады. Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады, деп жазады sputnik.kz.

Министр Бағдат Мусин Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөз жүргізген. Кездесу барысында ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.
"YouTube өкілдері биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші", - дейді Мусин.
Ол Premium-ге өту мүмкіндігі Қазақстанда бұрын қолжетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, интернетсіз де қарай алады.
Айта кетері, YouTube Premium – ақылы сервис.