Қазақстанға 80 мемлекеттің азаматтары визасыз қатынайды

0
440

Төлқұжаттың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды.


Қазақстанға 80 мемлекеттің азаматтары визасыз қатынайды

ERNUR.KZ. Қазақстанға 80 мемлекеттің азаматтары визасыз қатынайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі 2022 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған брифингте айтты. Оның ішінде жалпы азаматтық паспорттар үшін 26 мемлекет бар, деп жазады zakon.kz.

Төлқұжаттың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды. Қолайлы инвестициялық жағдай жасау мен іскерлік байланыстарды жандандыру және елдің туристік әлеуетін арттыру үшін Үкімет Иран, Қытай және Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізді. Бұл осы елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Биыл ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстанның сыртқы саяси қызметі халықаралық жағдай мен жаңа сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып жетілдіріліп отырады, - деді ресми өкіл. Қазір Қазақстан әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты.

Қазақстан бұдан былай БҰҰ Жарғысын, Халықаралық құқықты, халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын ұдайы сақтайтынын атап өткім келеді. Мемлекет басшысы өзінің иннагурациялық сөзінде атап өткендей, халықаралық турбуденттік жағдайда Қазақстан теңгерімді, көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясатты ұстанады.Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.