Қазақстанға Ресейден 72 компания көшіп келуі мүмкін

0
1 098

29 компания көшіп келді.


Қазақстанға Ресейден 72 компания көшіп келуі мүмкін

ERNUR.KZ. Ресейден Қазақстанға тағы 72 компания қоныс аударғалы жатыр, деп жазады stan.kz.

"Қазақстанға қоныс аударғалы отырған компаниялардың тізімі жасалды. Біз соңғы рет қысқартқанымызда 72 компания болды", - деді Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев.

Оның айтуынша, тізімде алдымен көшуге шешім қабылдаған компаниялар бар. Бірақ олар орналасатын жер іздеп жатыр.

"Көпшілік шекаралас аймақтар – Қостанай облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысына келуді жоспарлап отыр. Ұсынысымызға 72 компания оң жауабын берді. 29 компания көшіп келді. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеретін болады", - деді Зебешев.