Қазақстанға шетелден 2 айда 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінді

0
461

Гүлдің ең көп түрі раушан, 799 тонна әкелінген.


Қазақстанға шетелден 2 айда 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінді

ERNUR.KZ. 2023 жылдың қаңтар - ақпан айларында елге салмағы 1,3 мың тонна болатын, 9,5 миллион доллардың гүлі әкелінді, деп жазады sputnik.kz.

"Гүлдің ең көп түрі раушан, 799 тонна әкелінді. Екінші орында – хризантема, үшінші орында – қалампыр", - деп атап өтті ведомствода.

Қазақстанға 192 мың доллар тұратын 35 тонна лалагүл, 377 тонна қызғалдақ, линолий, гипсофила, феникс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер импортталды. Бұлардың құны 2,2 млн болады.

"Гүлдер Эквадордан, Нидерландыдан, Колумбиядан, Кениядан, Израильден, Өзбекстаннан, Қытайдан және Түркиядан әкелінді", - деп қосты мемлекеттік кірістер комитеті.
Былтыр дәл осы уақытта Қазақстанға 8,3 миллион долларға мың тонна гүл әкелінген. Өткен жылы шетелде қазақстандық раушандар сұранысқа ие болып, Өзбекстанға құны 94 мың доллар тұратын 25 тонна гүл экспортталды.