Қазақстаннан 50 мың тоннадан астам киілген киім экспортталған

0
345

Соңғы жылдары сату көлемі бірден 60 есеге өскен.


Қазақстаннан 50 мың тоннадан астам киілген киім экспортталған

ERNUR.KZ. Қазақстаннан 50 мың тоннадан астам киім шығарылды. Қазақстанда пайдаланылған киім экспорты өсуде, деп жазады stan.kz.

Соңғы жылдары сату көлемі бірден 60 есеге өскен. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикасы бойынша өткен жылы біздің елден қазақстандықтар киген 50 мың тоннадан астам киім, аяқ киім және аксессуарлар сыртқа шығарылды.

Ал үш жыл бұрын сатылым тек 300 тоннаны құрады. Тоннаның орташа бағасы шамамен екі мың доллар болып отыр. Қазақстандық киімнің басты тұтынушысы – Тәжікстан. Ол жерде барлық пайдаланылған киімнің 98 пайызы импортталады. Ал қалған заттарды Өзбекстан сатып алады.

Соңғы бес жылдағы импорттың кедендік статистикасы бойынша республиканың секонд-хенд яғни екінші тұтынудың көп бөлігі Еуропа мемлекеттерінен: Нидерландыдан, Германиядан және тіпті Финляндиямен Бельгиядан әкелінгенін көрсетеді. Кейбір тауарлар Ресейден әкелінеді. Өткен жылы ғана елге екі мың тоннаға жуық киім-кешек келген.