Қазақстанның 4 мемлекеттегі елшілері қызметінен босатылды

0
2 464

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев пен Қайрат Асаниязұлы Саржанов қызметтерінен босады.


Қазақстанның 4 мемлекеттегі елшілері қызметінен босатылды

Қазақстанның Армения, Бразилия, Аргентина және Чилидегі елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;

Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.