​Қазақстанның бас санитары коронавирусқа тест тапсыру неге қымбат екенін түсіндірді

0
642

Айжан Есмағамбетова коронавирусқа тест тапсыратын адамдардың саны өсіп жатқанын жеткізді.


​Қазақстанның бас санитары коронавирусқа тест тапсыру неге қымбат екенін түсіндірді

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова COVID-19 вирусына тест тапсыру неге қымбат екенін түсіндірді, деп жазады тengrinews.kz.

"Біз коронавирусқа тест тапсыру бағасының қымбат екенін байқап отырмыз. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі бағаны реттей алмайды. Бағаны нарық реттейді", - дейді ол.

Айжан Есмағамбетова коронавирусқа тест тапсыратын адамдардың саны өсіп жатқанын жеткізді.

"Қазіргі таңда біз "кім тест тапсыруы қажет?" деген мәселені талқыға салып жатырмыз. Тест тапсырушылардың саны артуы мүмкін. Сонда белгілі бір категория мемлекет немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен қосымша тест тапсырады", - дейді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3 988-ге жетті. 1107 науқас жазылды, 27 адам қайтыс болды.