Қазақстанның қарулы күштері батысқа бағыт алды

0
1 674

Оқу-жаттығуға жалпы 5 000 сарбаз қатысып жатыр


Қазақстанның қарулы күштері батысқа бағыт алды

фото:sputniknews.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері мен құрамалары дабыл бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті. Селекторлық режимде өткен жиналыс барысында "Шығыс", "Оңтүстік" және десанттық-штурм әскерилеріне Қазақстанның батыс бөлігіне қайта жасақталып бару тапсырмасы берілді, деп жазады sputniknews.kz.

Әскерилер аталған аймаққа әртүрлі жолмен барады — өз жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен. "Батыс" әскери қолбасшыларына келіп жеткен "Шығыс", "Оңтүстік" және десенттық-штурм әскерилерін қарсы алып, оларды оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін алаңға апару міндеті жүктелді. Майдан алаңында болатын және шабуылдаушы авиация аэродромға, ал әскери авиация алаңдардағы вертодромдарға қарай бағыт алады.

Әскери-теңіз күштері тобы ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери кеме және катерлерімен толықты. Сондай-ақ, әскери бөлімшелердің көмегімен шекара маңындағы жекелеген сақшылар жасағы көбейді.

"Батыс-2018" штабтық-командалық жаттығулардың стратегиясымен қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев айналысады. Осы оқу-жаттығу жұмыстарына жалпы жаяу және әуе әскерлері, әскери-теңіз, арнайы операциялар күштері мен жасақтар, материалдық-техникалық қолдау білдіретін бөлімшелер, ҰҚК шекара қызметі, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті және ұлттық гвардия әскерилері жұмылдырылды. Олардың жалпы саны — 5000 сарбаз. Сондай-ақ, олар штаттық қару-жарақ және әскери техникалармен жабдықталған.