​Қазақстанның Кипрдегі елшісі «Жыл дипломаты» жүлдесіне ие болды

0
672

Қазақстандық дипломат осы марапаттау еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы, атап айтқанда, Еуропалық одақпен қарым-қатынас құрудағы белсенді рөлін тану болып табылатынын атап өтті.


​Қазақстанның Кипрдегі елшісі «Жыл дипломаты» жүлдесіне ие болды

ERNUR.KZ. Қазақстанның Кипрдегі елшісі Сатыбалды Бұршақов «Жыл дипломаты» жүлдесіне ие болды, деп жазады baq.kz

Кипр Республикасы Президентінің сарайында Кипр Сыртқы істер министрі Никос Христодулидестің қолдауымен Сауда-өнеркәсіп палатасының «Жыл дипломаты» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

СІМ хабарлағандай, сауда-өнеркәсіп палатасының атқарушы комитетінің шешімі бойынша және дипломатиялық корпус арасындағы дауыс беру нәтижесінде жүлдеге Қазақстан елшісі Сатыбалды Бұршақов пен Франция елшісі Салина Гренет Каталано ие болды.

Дипломаттарға жүлделерді табыстай отырып, министр Н. Христодулидес коронавирус пандемиясы жағдайында елшілердің экономикалық дипломатияны дамытуға қосып жүрген үлесінің маңыздылығын атап өтті.

Іскерлік қауымдастық пен Кипр министрліктерінің өкілдері алдында сөйлеген сөзінде қазақстандық дипломат осы марапаттау еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы, атап айтқанда, Еуропалық одақпен қарым-қатынас құрудағы белсенді рөлін тану болып табылатынын атап өтті.

Қазақстанның Кипр Республикасы мен Израиль Мемлекетіндегі қоса атқарушы елшісі С. Бұршақов рәсімге қатысушылардың алдында елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар жөнінде, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына қатысты баяндама жасады.