Қазақстанның мемлекеттік кірістер органының бұрынғы қызметкері Грузиядан экстрадицияланды

0
456

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды.


Қазақстанның мемлекеттік кірістер органының бұрынғы қызметкері Грузиядан экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі мен ІІМ Интерполының көмегімен аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан азаматты экстрадициялады, деп жазады zakon.kz.

Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері бола тұра, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 37,5 млн теңге көлемінде пара алған деп күдіктеледі.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылдың қазан айында ол Грузияда ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айып тағылып отырған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске саламыз.