Қазақстанның сегіз өңірінде дауыл соғады

0
958

Еліміздің шығыс бөлігінде кейбір жолдар жабық деп хабарланды.


Қазақстанның сегіз өңірінде дауыл соғады

"Қазгидромет" орталығы мамандары еліміздің сегіз аймағында күн бұзылып, дауыл соғатынын болжады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қостанай облысында жел тұрып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстанда қар жауады. Желдің ұйытқуы секундына 20 метрді құрайды. Ақмола және Қарағанды облыстарында аздап жел соғады. Еліміздің шығыс бөлігінде кейбір жолдар жабық деп хабарланды.

Мысалы, Өскемен – Алтай – Рахман қайнары бағытында әзірше көлік қозғалысына рұқсат жоқ. Түркістан, Қызылорда облыстарында жел соғады деп күтілуде.