Қазақстанның «Үздік актері» анықталды

0
2 981

Қазақстан театрлар қауымдастығы ұйымдастыруымен өткен 27-наурыз - Халықаралық Театр күні мерекесіне орай, Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, кино актері Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды.


Қазақстанның «Үздік актері» анықталды

Актер Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tolqyn.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан театрлар қауымдастығы ұйымдастыруымен өткен 27-наурыз - Халықаралық Театр күні мерекесіне орай, Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, кино актері Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды.

Ол театр сахнасында Хлестаков, Люченцио, Қожа, Әмір, Артур сынды көптеген рөлдерімен қалың көрерменнің жүрегінен орын алып жүрген, кино әлемінде «Алдар көсе», «Шәмші аға» бейнелерімен көпшілік қауымға кең танылған.

Сондай-ақ, жас әрі талантты актриса «Тілеп-Сарықыз» қойылымында Сарықыздың сүйкімді бейнесімен, «Моцарт» мюзклінде Алоизияның әдемі ырғақты дауысымен көрерменнің көз айымы болып жүрген Назерке Серікболова Сахнагердің арнайы «Үміт» сыйлығымен марапатталды.