Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

0
1 094

Дауыл ықтималдығы 80-100 пайыз.


Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

"Казгидромет" орталығы Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

17 мамырда Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтау қаласында 17 мамырда түнде күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында және Петропавлда күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр болады.

17 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

17 мамырда Ақмола облысында таңертең және күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20 метр болады. Көкшетауда 17 мамырда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Атырау облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, түнде қатты жауын жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Атырауда 17 мамыр күні түнде жаңбыр жауады.

17 мамырда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

17 мамырда күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Дауыл ықтималдығы 80-100 пайыз.