"ҚазАтомӨнеркәсіптің" бұғатталған 32 млн доллары қайтарылды

0
490

"Қазатомөнеркәсіп" ақша аударған жеткізушінің шоты санкция салынған ресейлік банкте ашылды.


ERNUR.KZ. Ресейлік банктерге қарсы санкцияларға байланысты бұғатталған "Қазатомөнеркәсіптің" қаражаты компанияға қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылдың 13 қаңтарында АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдегі активтерді басқару басқармасы (OFAC) бұғатталған қаражатты қайтарып беру туралы лицензия берді. 2023 жылдың 30 қаңтарында банк-корреспондент 32,7 млн доллар көлемінде қаражатты қайтарды. Оның ішінде есепке алынған пайыздар есебінен 0,4 млн доллар да қайтарылды", - деп жазылған есепте.

Сондай-ақ 2022 жылы шығарылған қысқа мерзімді коммерциялық облигациялар төленгені айтылған.

"Бұл төлемнің жалпы сомасы 50,180 миллион доллар болды. Оның ішінде 0.18 миллион доллардың купоны да бар", - делінген есепте.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та компанияның қаржысы санкциялық тізімдегі компанияларда жатқандықтан бұғатталғаны туралы мәлімет тарағанын еске саламыз.