«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы тағайындалды

0
654

Ол 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.


«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведмствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейірхат Қасымбаев 1980 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол - экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржы қызметкері мамандығын алған. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде мемлекеттік басқару, сондай-ақ, Сингапурда біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

ИДМ мәліметінше, Қасымбаев құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет құрылымдарында 11 жыл, жол және инфрақұрылымдық құрылыс салаларында 10 жылдан аса жұмыс істеді.

Ол - IQanat білім беру қорының қамқоршысы. Қор ауылдық жерлердегі оқушыларды қолдаумен айналысады.

Бұған дейін Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" басшысы қызметінен кеткені туралы хабарланған болатын.