Қазпошта 28 тамыздан бастап жұмыс істемейді

0
484

Компания туындаған қолайсыздық үшін клиенттерден кешірім сұрайды.


Қазпошта 28 тамыздан бастап жұмыс істемейді

ERNUR.KZ. «Қазпошта» АҚ жоспарлы техникалық жұмысқа байланысты 3 күн қызмет көрсетуді тоқтатады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жоспарға сай жүріп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызы сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамыз күнгі сағат 08:00-ге дейін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошта және қаржы қызметтерінің барлық түрі жұмысын тоқтатады. Егер «Қазпошта» АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз», - делінген хабарламада.

«Қазпошта» АҚ туындаған қолайсыздық үшін клиенттерден кешірім сұрайды.