"Қазпошта қызметкерлерінің жалақысы 20 мың теңге" Болат Жәмішев пікір білдірді

0
469

"Қазпошта" басқарма төрағасы Әсел Жантасованың айтуынша, былтыр компанияның ауылдық бөлімшелерді ұстаудағы шығыны 15,4 миллиард теңге болған.


ERNUR.KZ. "Қазпошта" компаниясының кейбір қызметкерлері ауылдарда айына 20 мың теңгеге жұмыс істейді. Бұл ақпарат Ұлттық пошта операторының жұмысы талқыланған "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы барысында белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.

"Қазпошта" басшылығының ақпаратына сәйкес, мекемеде төрт мың қызметкер толық емес мөлшерлемемен жұмыс істейді, оның мөлшері ауылдық жерлерде орта есеппен 0,2 құрайды. "Самұрық-Қазына" қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев бұл 20 мың теңге екенін айтты.

"Компанияда ең төменгі жалақы 96 мың теңге деп хабарлағанда, қызметкерлері 20 мың теңге алады, бұл оның жалғыз жұмысы, ауылда басқа жұмысы жоқ. Бұл оның 20 мың теңгеге жұмыс істейтінін білдіреді. Менің ойымша, егер сізде 0,2 ставкада жұмыс істейтін адамдар көп болса, онда басқа технологияларды енгізу керек. Ауылда басқа жұмыс жоқ екенін пайдаланып, тіпті ең төменгі жалақы емес, 20 мың теңге ғана ұсынғанша оларды жұмыстан босату керек. Бұл туралы ойлану керек санаймын", - деді Жәмішев.

"Қазпошта" басқарма төрағасы Әсел Жантасованың айтуынша, былтыр компанияның ауылдық бөлімшелерді ұстаудағы шығыны 15,4 миллиард теңге болған. Газеттер, журналдар мен жазбаша хат-хабарларды жеткізу жыл сайын орта есеппен 17 пайызға қысқарады, өйткені көптеген басылымдар әлеуметтік желі арқылы жұмыс жасайды.

"Алайда, егер бір ғана газет жеткізу қажет болса, біз бәрібір көлік жібереміз", - деді Жанасова.

Еске салайық, 2024 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтеріледі.