Келесі жылдан бастап ҰБТ-ға қаламсап алып кіруге тыйым салынады

0
1 132

Тестілеуге тек жеке куәлікпен кіргізеді.


Келесі жылдан бастап ҰБТ-ға қаламсап алып кіруге тыйым салынады

ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде болатын тағы бір жаңашылдықты жария етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Келесі жылдан баста ҰБТ-да ереже бұзудың алдын алу мақсатында талапкерлерге тестілеуге қаламсап әкелуге рұқсат етілмейді.

Тестілеуге тек жеке куәлікпен кіргізеді. Сондай-ақ өзіңізбен су және шоколад алып кірсеңіз болады.

Айта кетейік, қалам мен қағазды тек тестілеу әкімшілері (кезекшілер) береді.