Келесі жылы Түркі елдері университеттерінің ортақ желісі құрылуы мүмкін - ТМҰ саммиті

0
761

Түркі мемлекеттерінің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын нығайту қажет.


Келесі жылы Түркі елдері университеттерінің ортақ желісі құрылуы мүмкін - ТМҰ саммиті

ERNUR.KZ. Бұл туралы Президент Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммитінде айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Осыған орай, біз 2023 жылы Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Оны Түркі университеттері одағы аясында өткізуге болады», - деді Президент.

Оның пайымынша, ұйымға мүше мемлекеттер академиялық ұтқырлықты дамытып, студенттер арасында мәдениетаралық диалог орнатуға жағдай жасауы керек.

«Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қажет. Сондықтан, 2023 жылы Түркі елдері университеттерінің ортақ желісін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Бұл бастама студенттеріміздің түркі тілдерін үйреніп, бауырлас елдердің тыныс-тіршілігімен танысуына жол ашады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.