Келіні енесінің балағат сөзін көтере алмай сотқа берді

0
1 538

Келіні ауыр сөздерге шыдай алмай, полицияға арызданған.


Келіні енесінің балағат сөзін көтере алмай сотқа берді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында бір отбасында ұрыс-керіс шығып, кикілжіңнің соңы сотқа дейін жетті, деп жазады altaynews.kz.

Келініне балағат сөздер айтқан әйел адамға сот алдында жауап беруге тура келді.

Оқиға енесінің үйінде болған. Келіні ауыр сөздерге шыдай алмай, полицияға арызданыпты.

Жарма аудандық №2 сотының шешімі бойынша, айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Ол үш тәулікке бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмақ еді. Алайда енесі мен келіні сот залында татуласып, іс тоқтатылған екен.