Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті

0
388

Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды.


Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 5 ақпанында Астанада Қазақстан бокс федерациясының жыл сайынғы дәстүрлі жиналысы өтті. Жиын барысында федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды, деп жазады zakon.kz.

Федерация сайтында бұл қызметке Мүтәліптің Кеңес Рақышевты алмастырғаны жазылған.

Жаңа қызметінде алғаш рет сөз алған Шахмұрат Мүтәліп ҚБФ алдында тұрған міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ сенім артқан қауымдастық мүшелеріне алғысын білдіріп, ортақ мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

"Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, мен Қазақстан боксының одан әрі дамуына, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетуге, олардың мүдделерін қорғауға, ҚБФ-ның ел ішінде және халықаралық деңгейде рөлін арттыруға бар күшімді саламын. Команданың биылғы үлкен ойындардың алдында үлкен мақсаты бар. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті дайындықтарды жалғастырамыз. Бірлесе отырып, отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз".Шахмұрат Мүтәліп

Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы, Казцик ауылында дүниеге келген. Азия-Тынық мұхиты университетінің (APU) экономика саласындағы ғылым магистрі, Куала-Лумпур, Малайзия. Кәсіпкер, "Integra Construction KZ" ЖШС иесі. Үйленген, 3 баласы бар.