Кеңгір су қоймасында 43 жастағы ер адам суға батып кетті

0
1 684

1980 жылы туған азамат отбасымен демалысқа барған.


Кеңгір су қоймасында 43 жастағы ер адам суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ұлытау облысының әкімдігі бүгін тағы бір адам суға батып кеткенін растады, деп жазады inform.kz.

10 маусым сағат 15:38 шамасында Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасынан тағы бір адамның мәйіті табылды.

1980 жылы туған азамат отбасымен демалысқа барған.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері дереу жетіп, сот медициналық сараптама жасалды.

Еске сала кетейік, бұл - Ұлытау облысында бір аптаның ішінде тіркелген екінші жағдай.