Халықаралық экспедиция Қытайға аттанады

0
1 121

Зиялы қауым өкілдері Қытайға барады


Халықаралық экспедиция Қытайға аттанады

Алматы облысынан көршілес Қытай Халық Республикасына «Мұқали» халықаралық экспедициясы аттанады деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мұқали – шамамен 1170-1223 жылдар аралығында өмір сүрген ұлы қолбасшылардың бірі. Ол заманында Шыңғыс хан әскерінің төрт ірі қолбасшысының бірі болған. Империядағы тоғыз төренің бірі атанған әскери тұлғаның Қытайға әмірін жүргізгені тарихтан белгілі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мұқали» халықаралық экспедициясына зиялы қауым өкілдерінен құралған 19 адам қатысады. Олар «Ұлы Қытай қорғаны» мен «Сиянь Үлкен Мешітінде», «Шэньси провинциясының тарихи музейінде» және «Қытайдың ұлттық мұражайында болып, көрші елдің тарихи-мәдени орындарымен танысады. Экспедиция мүшелері бір аптадан соң елге оралады.