Халыққа қызмет көрсету орталықтарының наурыз айындағы жұмыс кестесі жарияланды

0
291

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.


Халыққа қызмет көрсету орталықтарының наурыз айындағы жұмыс кестесі жарияланды

ERNUR.KZ. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз мерекелеріне орай халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы кестесі өзгереді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ХҚКО 8 наурыз күні және 21-25 наурыз аралығында жұмыс істемейді. Ал кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.