Халықты несиелендіру көлемі артып барады: Банк секторына қатысты тың мәлімет жарияланды

0
4 598

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-інде шетелдің қатысуы бар, сондай-ақ 8-і - еншілес банк.


Халықты несиелендіру көлемі артып барады: Банк секторына қатысты тың мәлімет жарияланды

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы банк секторының 2023 жылғы 1 тамызы бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынды. Елімізде тұтынушылық несие өсімі тағы да арта түскен, деп жазады zakon.kz.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы шілдеде негізінен өтімді активтердің 2,7%-ға төмендеуі нәтижесінде 0,04%-ға немесе 20 млрд теңгеге азайып, 46,6 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 4,5%-ға немесе 2,0 трлн теңгеге өсу), делінген ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 5,9%-ға 9,0 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы шілдеде 3,9%-ға ұлғайып, 16,2 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан 14,7%-ға өсті).

"ШОБ-ты есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ деңгейі 2,9%-ды немесе 321 млрд теңгені, жеке тұлғалар портфелінде 3,8%-ды немесе 568 млрд теңгені құрады", делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-інде шетелдің қатысуы бар, сондай-ақ 8-і - еншілес банк.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы шілдеде негізінен өтімді активтердің 2,7%-ға төмендеуі нәтижесінде 0,04%-ға немесе 20 млрд теңгеге азайып, 46,6 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 4,5%-ға немесе 2,0 трлн теңгеге өсу).

"Заңды тұлғаларға берілген кредиттер үлкен көлемде өтеу есебінен ірі бизнес субъектілеріне кредиттердің азаюы нәтижесінде 2023 жылғы шілдеде 1,7%-ға 8,6 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 0,4%-ға төмендеу). Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредиттер 2023 жылғы шілдеде 1,1%-ға 9,9 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 2,9%-ға өсу). ШОБ субъектілеріне қарыздар 0,02%-ға 6,4 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 6,9%-ға өсу), ірі бизнеске берілген қарыздар 3,0%-ға 3,5 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 3,7%-ға төмендеу)", делінген хабарламада.

2023 жылғы шілдеде бизнес субъектілеріне 1 073 млрд теңге сомаға жаңа қарыздар берілді. Ағымдағы жылғы 7 айда бизнес субъектілеріне 7 908 млрд теңге қарыз берілген, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 5,9%-ға 9,0 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы шілдеде 3,9%-ға ұлғайып, 16,2 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан 14,7%-ға өсті).

"Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы шілдеде 0,5%-ға 22,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 4,7%-ға 7,9 трлн теңгеге дейін, соның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы аясында валюталық қайта бағалау есебінен азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі 2023 жылғы 1 тамызда 25,6%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%)", делінген хабарламада.