Храпуновтың Шығыс Қазақстан облысындағы 8 жер телімі тәркіленеді

0
687

Қазақстанда бұрын тәркіленбеген заңға қайшы нысандарды тексеру жалғасып жатыр.


Храпуновтың Шығыс Қазақстан облысындағы 8 жер телімі тәркіленеді

ERNUR.KZ. Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның жұмыс тобының отырысында Виктор Храпуновтың Шығыс Қазақстандағы сегіз жер телімі тәркіленгені мәлім болды, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанда бұрын тәркіленбеген заңға қайшы нысандарды тексеру жалғасып жатыр.

Бүгінде сондай 36 нысан (коммерциялық және тұрғын үй, жер учаскелері) анықталды.

Храпуновтың Шығыс Қазақстанда орналасқан сегіз жер телімін тәркілеу бойынша атқару өндірісі қозғалды.