Көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде Қазақстан төртінші жеңісіне жетті

0
664

Бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Шри-Ланка құрамасымен кездесті.


Көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде Қазақстан төртінші жеңісіне жетті

ERNUR.KZ. Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына іріктеу сатысында төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады inform.kz.

Бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Шри-Ланка құрамасымен кездесті. Ойын барысында ел құрамасы басымдық танытты. Нәтижесінде қарсыласын 5:1 есебімен сүріндірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Индонезияны 1:0, Өзбекстанды 2:0, Камбоджаны 4:0 есебімен жеңіп, одан кейін Гонконгқа 0:4 есебімен жол берді.

Ел құрамасы іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Индонезия, Гонконг, Шри-Ланка, Камбоджа және Сингапурмен бір топта сынға түседі.

Еліміздің әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалдық сатысына төрт мәрте қатысты. 1998, 2014 жылдарда 6-орын алса, 2010 жылы - 7, 2018 жылы 10-орынды місе тұтты.