Көкпекті ауданында ерлі-зайыптылар суға батып кетті

0
810

Ер адам әйелін құтқармақ болған.


Көкпекті ауданында ерлі-зайыптылар суға батып кетті

ERNUR.KZ. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 шілде күні Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасына екі адам батып кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ерлі-зайыптылар жабдықталмаған жерде шомылып жүрген. Куәгерлердің айтуынша, жағадан алысқа жүзіп кеткен 1978 жылғы әйел бата бастаған. Мұны көрген 1966 жылғы күйеуі көмекке бірден асықты. Алайда ол да өз күшін дұрыс бағаламай, батып кетті», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек екенін еске салды.