Көкшетауда құжат жасайтын жасырын цех анықталды

0
532

Тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріс кезінде ол жерден заңсыз іспен айналысқан құрал-жабдық, ноутбук, жалған мөр, принтер, ламинатор, ұялы телефон флешка тәркіленді.


Көкшетауда құжат жасайтын жасырын цех анықталды

ERNUR.KZ. Көкшетауда 41 жастағы ер адамның әр түрлі құжаттарды жасырын цехта жасап келгені анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам жоғары және арнайы оқу орындарының дипломы, жүргізуші куәлігі, жеке куәлік, төлқұжат, ҚР және РФ техникалық паспорты мен техникалық байқау құжаттарын қолдан жасап, сатып келген. Тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріс кезінде ол жерден заңсыз іспен айналысқан құрал-жабдық, ноутбук, жалған мөр, принтер, ламинатор, ұялы телефон флешка тәркіленді.

«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 385 бабының 2 бөлігі бойынша терегу амалдары жүргізілуде. Күдікті 2004 жылы да осы бап бойынша қылмыстық жазаға тартылған», - дейді ведомстводан.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдің тәртіп сақшылары ҚР ҚК 385 бабы бойынша 100 астам іс қозғаған.