Көкшетауда жұмысшы жаңадан салынып жатқан ғимараттың 6-қабатынан құлап кетті

0
264

49 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды.


Көкшетауда жұмысшы жаңадан салынып жатқан ғимараттың 6-қабатынан құлап кетті

ERNUR.KZ. Көкшетауда ер адам алтыншы қабаттан құлады. Қайғылы оқиға 17 қазанда құрылыс басында орын алды. Полиция тергеу амалдарын қолға алды, деп жазады zakon.kz.

Полицияға жедел жәрдем фельдшері қоңырау шалып, көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөліміне Зеренді ауданының 49 жастағы тұрғыны "биіктіктен құлау, политравма, бас сүйегінің сынуы, кома, қабырғаның жабық сынығы, қарынның жабық жарақаты" диагнозымен жеткізілгенін хабарлады.

Алған жарақаттарынан ақмолалық ауруханада көз жұмды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.