Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді

0
757

Ол қала тұрғындарына қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажет екенін атап өтті.


Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді, деп жазады Tengrinews.kz.


"Қонаққа барудан және отбасылық іс-шараларға қатысудан, сондай-ақ адам көп жиналатын жерге бармау керек: қауіп әлі бар. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіз", - дейді Көлгінов.

Ол қала тұрғындарына қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажет екенін атап өтті: маска тағу (адам көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда) мүмкіндігінше адам көп жиналатын орындарға бармау керегін ескертті.

"Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, науқастар медицина қызметкерлерінің кеңесін тыңдамайды, сонымен қатар, өзін-өзі емдеп, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбейді", - деді әкім.