Көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу керек

0
871

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, уақытында төленбегені үшін күн сайын өсімпұл қосылады.


Көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу керек

ERNUR.KZ. Көлік салығы автокөлік есепте тұрған жер бойынша емес, көлік иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша төленеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, уақытында төленбегені үшін күн сайын өсімпұл қосылады. «Ұмытшақ» тұрғындардың ісі арнайы бұйрық бойынша сот орындаушысының қолына өтеді. Ал олар салық төлемеген азаматтан қарыздың әрбір тиынын (оған қоса өздерінің жұмыс ақысын) өндіріп алады. Қарызды қайтару үшін борышкердің мүлкі мен банктегі шотын бұғаттап, шетелге шығуына шектеу қояды. Сонымен қатар салықтан жалтарған азамат қарапайым банк қызметін де ала алмайды, атап айтқанда, банктен шот ашу, аударым жасау және несие алу мүмкін емес.

Салықты екінші деңгейлі банктердің бөлімшесіне немесе поштаға барып төлеуге болады, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшасы немесе e-Salyk-Azamat мобильді қызметі арқылы да есеп айырысуға мүмкіндік бар.