Қонаевта аға прокурор ұсталды

0
823

Қонаевта Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокурорының ұсталғаны жөнінде ақпарат пайда болды.


Қонаевта аға прокурор ұсталды

Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қонаевта Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокурорының ұсталғаны жөнінде ақпарат пайда болды. Оның пара алған кезінде ұсталғаны туралы ақпарат бар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті фактіні растады.

"12 ақпанда Қонаевта Сонабаевты Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменттерінің бірлескен іс-шаралары және Бас прокуратураның өз қауіпсіздігі аясында ұстау фактісін растаймыз", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.